Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Евровидениенің" 64 ән байқауы Израильдің ірі қалаларының бірінде өтіп жатыр. "Евровидение-2019" халықаралық ән байқауы жексенбіде Тель-Авивте басталды. Бұл туралы Израильдің «Кan» хабар тарату компаниясының интернет-ресурсы хабарлады. Басылымның ақпараты бойынша мерекелік іс-шара дәстүрлі түрде "қызыл кілемнен" басталды. 41 мемлекеттің өкілдері қала орталығындағы Габима театры алдындағы алаңмен жүріп өтті. Евровидение өтетін аумақта 4 үлкен экран, 85 гастрономиялық шатырлар және ұзындығы 100 метрлік бар орнатылды.