Ресеймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалды

Бұл туралы «Мой город» басылымы жазды.
"Сырым" шекара бекеті реконструкцияға байланысты жабылғаннан кейін «ҚазАвтоЖол» шекарадан өту үшін баламалы өткізу пунктерін ұсынды: "Шаған" (ҚР) / "Тёплое" (РФ), "Ақсай" (ҚР) / "Илек" (РФ), "Тасқала" (ҚР) / "Озинки" (РФ).
Қазіргі таңда "Озинки" автокөлік өткізу пунктінде жүк көліктерінің айтарлықтай жиналып қалуы байқалады. Бұл жағдайға қатысты БҚО бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі түсініктеме берді.
"Сырым" автокөлік өткізу пунктіне жүргізіліп жатқан реконструкцияға байланысты көлік ағыны Ресей Федерациясының Саратов облысы бағытындағы "Озинки" пунктіне бағытталды. Шекара басқармасы мемлекеттік шекарада қалыптасқан жағдайды бақылау үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Дегенмен "Озинки" автокөлік өткізу пунктінде Ресейге кіруге келген жүк көліктерінің айтарлықтай көп екені байқалады. Олардың жүк бөліктерінде технологиялық өткелдер жабдықталмаған, бұл мемлекеттік шекарадан өту уақытын ұзартып отыр, – деп түсіндірді шекара қызметі.
Шекара қызметі жүргізушілерден жүк көліктерінде технологиялық өткелдерді алдын ала жабдықтауды сұрады.
Фото: ашық дереккөзден алынды