Ресейде коронавирустың жаңа штамы таралып жатыр

Мамандардың айтуынша, бұл инфекция бұрынғы нұсқаларға қарағанда тезірек жұғады. Бірақ көбіне жеңіл түрде өтеді.
Ресей тұтынушылар құқығын қорғауды қадағалау қызметінің басшысы Анна Попова "Стратус" штамымен тіркелген жағдайлар күн сайын өсіп келе жатқанын хабарлады.
Олардың саны 300-ге, одан кейін 384-ке жетті. Алдағы уақытта бұдан да көп болады, – деді ол сұхбатында.
Попованың айтуынша, жаңа штаммның жұқпалылығы жоғары, алайда ауру салыстырмалы түрде жеңіл өтеді. Ол әрбір жаңа коронавирус геновариантына вирустың тірі қалып, эволюциялануына мүмкіндік беретін ерекше қасиеттер тән екенін атап өтті.
Сонымен қатар, инфекция салдары әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан алдын алу шараларын сақтап, денсаулыққа ұқыпты қараудың маңызын жеткізді.
Деректерге сәйкес, Ресейде "Стратус" жұқтырудың алғашқы жағдайы 2025 жылғы 24 сәуірде тіркелген.
Ал әлемде бұл вирус алғаш рет осы жылдың 27 қаңтарында Канадада анықталған.
Шілде айының соңына қарай Ресейде 114 расталған жағдай болған.
Ауру жұқтырғандардың 54%-ы Мәскеуде тіркелсе, қалғандары Мәскеу, Магадан, Свердлов және Ленинград облыстарында анықталды.
Мамандардың айтуынша, бұл штамм тез тарайды, бірақ салыстырмалы түрде "жеңіл" өтеді.
Ерекше белгілерінің бірі – дауыстың қарлығуы.
Фото: Н. Нұржаубай