Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі болды

Сан-Франциско шығанағы аймағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, магнитудасы 4,3 балдық жер сілкінісі түнгі сағат 03:00 шамасында Беркли қаласының оңтүстік-шығысында, Сан-Францисконың қарсы бетінде тіркелген.

Қаза тапқандар мен ауыр зардап шеккендер жоқ.

Редакциямыз түгел дірілдеді. Бұл күтпеген жерден болды, - деп жазды KTVU-TV арнасының жүргізушісі Дэйв Кларк әлеуметтік желіде.

Bay Area Rapid Transit (BART) пойыздарының қозғалысы бірнеше сағатқа кешіктірілді. Мамандар жол қауіпсіздігін тексергеннен кейін қозғалыс қайта қалыпқа келді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, дүмпулерді шамамен 161 шақырым қашықтықтағы Салинас қаласының тұрғындары да сезген.

Бұл – адамдарға анық сезілетін, бірақ аса ауқымды емес жер сілкіністерінің бірі, - деді Монтерейдегі Ұлттық метеорологиялық қызмет өкілі Брейден Мердок.

USGS мәліметінше, Беркли маңында бұған дейін 2018 жылдың 4 қаңтарында магнитудасы 4,4 жер сілкінісі тіркелген.


Фото: ​baq.kz​​​
23 қыркүйек 2025 ж. 234 0