Газа секторынан 20 бала Швейцарияда емделеді

ANEZ таратқан мәліметке сәйкес, ресми хабарламада қазіргі ахуалға байланысты балаларды Газа аумағынан эвакуациялау уақыты нақты белгісіз екені айтылды, алайда бұл бағытта үйлестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Балаларды іріктеу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылады. Ұйым пациенттердің тізімін жүргізіп отыр. Үкіметтің түсіндіруінше, таңдап алынған балалар мен оларды ертіп жүретін туыстары қауіпсіздік тексерісінен өтеді.
Швейцарияға жеткен соң оларға баспана беру рәсімі жүргізіледі. Үкімет үйлестіру мен тасымалдау шығындарын өз мойнына алады. Ал емдеу шығындарын балаларды қабылдайтын кантондар немесе ауруханалардың өздері ерікті түрде өтейді, - делінген департамент таратқан хабарламада.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазіргі уақытта Газа секторынан эвакуациялауға шамамен 19 мың науқас тіркелген. Оның ішінде 4 мыңға жуық бала бар. Олардың басым бөлігі өміріне қауіпті жарақаттар алған немесе жергілікті жерде тиісті деңгейде емделуі мүмкін емес сырқаттарға шалдыққан.
Фото: baq.kz