Болгариядағы су тасқыны миллиондаған еуро шығын келтірді

Болгария телеграф агенттігінің мәліметінше, бірнеше жағалаудағы аймақта төтенше жағдай режимі жарияланған. Елените курорттық кешенінен барлық тұрғындар мен туристер эвакуацияланды.
Құтқарушылар мен еріктілер апат аймағында тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полиция екі мародерді ұстап, олардың қолынан қомақты ақша, бағалы әшекейлер мен компьютерлік техника тәркіледі.
Қалпына келтіру жұмыстары Солнечный Берег, Несебр, Бургас және Царево қалаларында жалғасуда. Алдын ала есеп бойынша, табиғи апаттың жалпы залалы 25 миллион еуродан асты.
Болгарияның Ұлттық гидрология және метеорология институтының деректеріне сәйкес, зардап шеккен аймақтарда бірнеше сағат ішінде 250 мм жауын-шашын түскен, ал кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 400 мм-ден асқан.
Синоптиктердің болжамынша, келесі апта басында нөсер жаңбыр қайта жалғасуы мүмкін.
Фото: baq.kz