Колумбияда су тасқынынан 2 мыңнан астам адам зардап шекті

Anadolu агенттігінің мәліметінше, жергілікті билік өкілдері бұл төтенше жағдайды "климаттық дағдарыстың салдары" деп бағалап отыр.
Санта-Марта қаласының төтенше жағдайлар және климаттық өзгерістерді басқару қызметінің жетекшісі Алекс Веласкестің мәлімдеуінше, су басқан аймақтарда төтенше жағдай жарияланды. Қалада ондаған аудандарды су алып кетті, зардап шеккендердің саны екі мыңнан асты, – деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Муниципалитет басшысы Карлос Пинедоның айтуынша, тек төрт сағат ішінде әр шаршы метрге 155 миллиметр жауын-шашын түскен. Оның сөзінше, бұл – өте жоғары көрсеткіш.
Қала бойынша үйлерге, инфрақұрылымға зақым келді. Қазір апат салдарын жоюға барлық шұғыл қызметтер жұмылдырылды, – деді ол.
Колумбия президенті Густаво Петро X (бұрынғы Twitter) платформасындағы парақшасында Санта-Мартадағы табиғи апатты "климаттық дағдарыстың салдары" деп атады. Мемлекет басшысы зардап шеккен өңірге барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.
Фото: baq.kz