Финляндия Ресейден келетін барлық импортқа баж салығын енгізуге ниетті

Фин министрінің айтуынша, бұл шешім Финляндияның Ресейге қарсы санкциялық саясатын күшейту және Украинаны қолдау бағытындағы ұстанымымен байланысты.
Финляндия мен Польша тек Балтық теңізімен ғана емес, сонымен қатар Еуропаны қауіпсіз әрі гүлдендіруге деген ортақ ниетіміз арқылы біріктірілді. Біз Украинаны қолдауды жалғастырып, Ресейдің агрессиясын тежеуге күш саламыз, - деді Валтонен.
Польша СІМ басшысы Радослав Сикорский өз кезегінде Финляндияның Еуропалық Одақ пен НАТО шеңберіндегі сенімді серіктес екенін атап өтті. Ол сондай-ақ екі елдің мұздатылған ресейлік активтерді Украинаны қолдау үшін пайдалану жөніндегі ортақ ұстанымын қуаттады.
Финляндия үкіметі Ресейге қарсы жаңа экономикалық шараларды әзірлеп жатыр. Жоспарланған баж салығы Мәскеудің соғыс жүргізу мүмкіндігін шектеуге бағытталған.
Фото: ашық дереккөзден алынды