Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай жағалауында екі кеме соқтығысты

Қытай жағалауында екі кеме соқтығысты

Қытайдың Гуандун провинциясы жағалауында жүк кемесі мен контейнер тасымалдаушы кеме соқтығысып, салдарынан екі адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Xinhua агенттігінің мәліметінше, оқиға сенбіден жексенбіге қараған түні Чжуцзян өзенінің сағасында болған. Соқтығысудан кейін жүк кемесі су түбіне кеткен. Кемеде барлығы 15 экипаж мүшесі болған, олардың екеуі әлі табылған жоқ.

Қазір апат болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Теңіздегі қозғалыс уақытша шектелген.

Билік өкілдері оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Фото: baq.kz
27 қазан 2025 ж. 57 0