Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Венесуэла мәселесі бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді

Венесуэла мәселесі бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді

Венесуэла мәселесін қарау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰ ҚК) отырысы 5 қаңтарда сағат 10:00-де Нью-Йорк уақыты бойынша (Астана уақытымен 20:00) өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Известияға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп 3 қаңтарда Венесуэладағы әскери операцияның мақсаты ел президенті Николас Мадуроны тұтқынға алу екенін мәлімдеді. Ол Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске американдық заң бойынша “есірткі терроризмі” үшін айып тағылғанын айтты және олардың “американдық әділетке” тап болатынын жеткізді.

Трамптың сөзінше, АҚШ әскери күштері Мадуро мен оның жұбайын тікұшақпен алып, кейін кемеге орналастырған.

Фото: baq.kz
04 қаңтар 2026 ж. 288 0