Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мадуро билікті басып алу әрекетінің алдын алғанын мәлімдеді

Мадуро билікті басып алу әрекетінің алдын алғанын мәлімдеді

Венесуэла президенті Николас Мадуро елде маусым айында үкіметті құлату мақсатында астыртын сөз байласқандардың ұсталғанын мәлімдеді, "Венесуэла қоғамы мен демократиясына шабуыл жасауға ниеттенген фашистік және террористік банданы әшкере етіп, ұстадық. Олар ұсталды, толық дәлелдерімен қамауға алынды, 14 ай бойы осы қылмыстық фашистік топты аңдыдық", - деп мәлімдеді Мадуро мемлекеттік телеарна эфирінде. Мұның алдында байланыс және ақпарат министрі Хорхе Родригес 24 және 24 маусым күндері оппозицияның АҚШ-тың, Колумбияның және Чилидің қолдауымен билікті құлатып, Мадуроны, әйелі Силия Флоресті, сондай-ақ, Ұлттық құрылтай жиынының басшысы Диосдадо Кабельоны өлтіруге ниеттенгенін айтып берген еді. Родригестің айтуынша, бүлікшілер билік басына генерал Рауль Бадуаэльді келтірмек болған, оппозицияға өткен ол қазіргі уақытта түрмеде.  Мадуроның айтуынша, биліктің қолында билікті құлатпақ болғандардың әңгімесі жазылған 56 сағаттық таспа бар, онда әскерилер мен полицейлер тобы және қазіргі билікке қызмет ететін "бір-екі" әскери, Боготадан қаржыландырылатын "оң күштерден жеңілген саясаткерлер" кісі өлтіру жайлы айтқан. "Олар "23 қаңтардың" "колективосының" 30-50-60 мүшесін қанды қырғын үшін өлтірмек болғаны жайлы айтқан. Олар қоғамдық қызметтер саласын бұзуды талқылады - интернет, телефон байланысы, электр желісі", - деп атап өтті Мадуро. Оның сөзінше, билікті құлатпақ болғандар елдегі генералдардың 95 пайызын қыруды ойлаған. Мадуро Колумбия президенті Иван Дукені де айыптап отыр. Оның пікірінше, Дукенің бұл жасырын сөз байласуға қатысы бар, сондай-ақ, ол Доминикан Республикасынан ӘӘК отставкадағы бригада генералы Эдуардо Баеса Трооеальбаны экстрадициялауды талап етті.
https://kaz.tengrinews.kz
27 маусым 2019 ж. 628 0