Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Стратус": Ресейде вирустың жаңа түрі тарап жатыр

"Стратус": Ресейде вирустың жаңа түрі тарап жатыр

Дәрігерлердің айтуынша, аталған штамм – өте жұқпалы.
Көршілес Ресейде коронавирустың "Стратус" штамы кең таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ал Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі халыққа алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағалануда. Эпидмаусым басталғалы бері ЖРВИ мен тұмауға шалдығу көрсеткіші 13%-ға төмендеген. Жыл басынан бері COVID-19 инфекциясының алты жағдайы ғана тіркелген, алайда олардың арасында «Стратус» штамы басым болып отыр.

Таралып жатқан XFG желісі бұрын таралған Омикронның басқа ұрпақтарымен салыстырғанда халық денсаулығына қосымша қауіп төндірмейді. Негізгі белгілері: жөтел, тамақтың ауыруы, дауыс қарлығуы, қырылдау, мұрыннан су ағу, бас ауруы, жалпы әлсіздік, бұлшықет ауыруы. Ең тән белгі – дауыстың қарлығуы. Жалпы алғанда, Омикронның XFG қосалқы түрі өте жұқпалы болғанымен, ауыр асқынуларға сирек әкеледі, - деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы Айгүл Катренова.

Сарапшылардың айтуынша, аурудың клиникалық көрінісі кәдімгі ЖРВИ-ге ұқсайды: жөтел, тамақ ауыруы, мұрыннан су ағу және жалпы әлсіздік байқалады.

Бұл штаммның ерекшелігі – өте жоғары жұқпалылығы және бұрын қалыптасқан иммунитетті айналып өту қабілеті.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
24 ақпан 2026 ж. 59 0