Моңғолияда жер сілкінді
Моңғолияда магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі тіркелді. Ошақ 22,1 км тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды turkystan.kz.Жедел мәліметтерге сәйкес, 4 мамыр күні Астана уақытымен 04:30-да Моңғолия аумағында жер сілкінісі болған.
Эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 49,28 градусы, шығыс бойлықтың 93,11 градусы. Энергетикалық класы К=12,1.
Магнитудасы mb=4,6. Ошақ 22,1 км тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісі салдарынан қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген.
Бұған дейін жер асты дүмпулері Ақтау маңында да байқалған болатын.
Фото: todayinfo.kz










