Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстан экономикасы 2026 жылдың алғашқы үш айында 8,7 пайызға өсті

Өзбекстан экономикасы 2026 жылдың алғашқы үш айында 8,7 пайызға өсті

Соңғы жылдары ЖІӨ көлемінің тұрақты өсіп келе жатқаны байқалады.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстан экономикасы тұрақты өсу қарқынын көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ uza.uz-ге сілтеме жасап.

Ұлттық статистика комитеті ұсынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі қазіргі бағамен 447,9 триллион сумды құрады.

Талдауларға қарағанда, ЖІӨ-нің нақты өсімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш елдегі экономикалық белсенділіктің артқанын, сондай-ақ өнеркәсіп, қызмет көрсету және құрылыс салаларында оң динамиканың сақталып отырғанын аңғартады.

Соңғы жылдары ЖІӨ көлемінің тұрақты өсіп келе жатқаны байқалады.

Мәселен, 2022 жылдың бірінші тоқсанында 186,7 триллион сум болған көрсеткіш 2023 жылы 228,9 триллион сумға, 2024 жылы 276,9 триллион сумға, ал 2025 жылы 372,8 триллион сумға жеткен.

Фото: baq.kz

2026 жылы бұл көрсеткіш 447,9 триллион сумға дейін өсті.

Сарапшылардың пікірінше, ЖІӨ-нің тұрақты өсуі елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар, ішкі сұраныстың кеңеюі, инвестициялар көлемінің артуы және кәсіпкерлік белсенділіктің дамуы да бұл өсімге елеулі үлес қосып отыр.

Осы орайда жоғары өсу қарқынын сақтай отырып, экономика салалары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру негізгі басым міндеттердің бірі болып қала береді.
05 мамыр 2026 ж. 26 0