Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Моңғолияда туу көрсеткіші 5,7%-ға төмендеді

Моңғолияда туу көрсеткіші 5,7%-ға төмендеді

2025 жылы Моңғолияда туу көрсеткіші 5,7%-ға төмендеп, өлім-жітім 2,1%-ға азайды, деп хабарлайды Монцамэ.

2025 жылғы дерек бойынша Моңғолияда тіркелген жаңа туған нәрестелер саны 56,2 мыңды құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,7%-ға аз.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, жиынтық туу коэффициенті, яғни әйелдің репродуктивтік кезеңінде орта есеппен қанша бала дүниеге әкелетінін көрсететін көрсеткіш 2025 жылы 2,4 болды.

Ал өлім-жітімге келсек, 2025 жылы ел бойынша 19,1 мың адам қайтыс болған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға төмен. Жалпы өлім коэффициенті, яғни жыл ішінде халықтың әр 1000 адамына шаққандағы қайтыс болғандар саны 2025 жылы 5,4 шамасында болды.

Бұл көрсеткіштер халық санының өсуі мен құрылымын, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық жағдайды бағалауда маңызды статистикалық деректер болып саналады.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: Монцамэ

05 мамыр 2026 ж. 29 0