Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық шаңғы спорты федерациясының жаңа президенті

Халықаралық шаңғы спорты федерациясының жаңа президенті

Бұған дейін федерация президенті қызметін Йохан Элиаш атқарған.
Сербияның Белград қаласында өткен Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) 57-конгресінде ұйымның жаңа президенті сайланды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша сайлауда Александр Оспельт (Лихтенштейн) жеңіске жетті. ҚР ҰОК мәліметінше, ол 65 дауыс жинаса, Йохан Элиаш 64 дауысқа ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін федерация президенті қызметін Йохан Элиаш атқарған. Ол FIS ұйымын 2021 жылдан бері басқарып келген.
Ақпарат көзі: baq.kz
Фото: ҚР ҰОК
12 маусым 2026 ж. 40 0