Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының президентін қабылдады
Президент елімізде шаңғы және сноуборд спортының дамуына қосқан үлесі үшін Йохан Элиашты II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Сонымен қатар отырыста Қазақстан мен Халықаралық шаңғы спорты федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 85 мыңнан астам адам шаңғы спортымен тұрақты түрде айналысатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда тау шаңғысы мен шаңғы жарыстары кешендері, халықаралық деңгейдегі мұз ареналары секілді заманауи инфрақұрылымдар бар екені айтылды.
Мемлекет басшысы еліміздің жақында Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатқанын жеткізді.
FIS президенті спортқа көрсетілген қолдау үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, қазақстандық спортшылардың әлемдік жарыстарда лайықты өнер көрсетіп жүргеніне назар аударды.
Ол Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Йохан Элиаш елдің Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен тәжірибе алмасу, спортшыларды даярлау, бапкерлерді оқыту және төрелік ету салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.
Фото:Aqorda








