Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық Олимпиада чемпионы жауапты қызметке тағайындалды

Қазақстандық Олимпиада чемпионы жауапты қызметке тағайындалды

Алматыда Қазақстан Республикасы Су спорты түрлері федерациясының конференциясы өтіп, қазақстандық Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жауапты қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform. Аталған федерация баспасөз қызметі мәлім еткендей, ұйымның президенті мен атқарушы комитеті қайта сайланды.

2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Дмитрий Баландин федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындалды.

«Маған сенім артқандарыңызға алғыс айта отырып, еліміздегі және халықаралық аренадағы су спорты түрлерінің дамуына өз үлесімді қосатыным үшін қуаныштымын. 2023 жылы өткен Азия ойындарында біздің федерация спортшыларының 80 пайызы ойын тұғырына көтерілді. Бұл федерация жұмысының тиімділігін дәлелдейді. 2016 жылы жеңіп алған Олимпиаданың алтын медалі маған үлкен еңбектің нәтижесінде келді. Бүгінде мен өзімнің тәжірибем мен жігерімді Қазақстандағы су спорты түрлерін дамытып, қолдауға дайынмын», - деді Қазақстан Республикасы су спорты түрлері федерациясының жаңа вице-президенті Дмитрий Баландин.

Сурет: kaz.inform.kz

15 желтоқсан 2023 ж. 2 852 0