Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болды

Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болды

ҚР Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 20 шілде күні Астана уақытымен сағат 03:58-де Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі 36,60° солтүстік ендік пен 70,02° шығыс бойлық координаталарында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 5,5. Энергетикалық класы – K=11,3.

Қазіргі уақытта жер сілкінісінен қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумағында, Түркияның шығыс бөлігінде, Ресейдің Новосібір облысында және Тәжікстанда да жер сілкінген.

turkystan.kz
istockphoto.com

20 шілде 2026 ж. 70 0