Аргентина «алтын паспорт» бағдарламасын іске қосты
Аргентина үкіметі «алтын паспорт» бағдарламасын қолға алды. Бағдарламаға сәйкес, шетел азаматтары инвестиция салу арқылы Аргентина азаматтығын ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.Бұл туралы елдің экономика және еңбек министрі Луис Капуто X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Аргентина – Оңтүстік Америкада мұндай бастаманы енгізген алғашқы мемлекет.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер 350 мың доллар көлемінде қайтарымсыз жарна төлеуі немесе 800 мың доллардың мемлекеттік облигацияларын сатып алуы керек. Өтініштерді қабылдау жыл соңында басталады. Оларды Аргентинаның Көші-қон басқармасы мен Ішкі істер министрлігі қарайды.
Financial Times газетінің жазуынша, Аргентина билігі бағдарлама аясында түскен қаражатты сыртқы қарызды өтеуге жұмсамақ.
Сурет: redhairtravel










