Ғалымдар науқастардың мейірімді дәрігерлерде жылдам жазылатынын анықтады
Американың Cooper University Health Care университетінің ғалымдар тобы науқастардың өзіне мейірімділік танытатын дәрігерлердің қарамағында тез жазылатынын дәлелдейтін материалдарды ұсынды

Зерттеушілер сондай-ақ, емдеуші дәрігерлердің мейірімділігі мен аяушылық сезімі емделушіге ғана емес, сонымен бірге медицина қызметкерлеріне де пайдасын әкеледі дейді. Себебі, науқас жылдам жазылғандықтан, дәрігерлер жұмыс мәселелеріне алаңдамай, шаршамай жүреді.
Осыған орай, Маццарелли науқас өзін жайлы сезіну үшін дәрігер ұстануы тиіс бірнеше ереже ұсынды:
- медицина қызметкері науқаспен сөйлескен кезде тұрып тұрмай, отырып сөйлесуі тиіс;
- дәрігер науқастың көзіне қарап сөйлеуі керек;
- ол емделушінің тек физикалық емес, сонымен қатар эмоционалдық және психикалық денсаулығына да назар аударуы керек.
Маццарелли сонымен қатар сөйлескен кезде науқастардың сөзін бөлетін дәрігерлерден аулақ жүруді ұсынды.
2018 жылы жүргізілген зерттеуге сәйкес, дәрігерлер орташа есеппен 11 секунд сайын науқастардың сөзін бөледі екен. Бұл жағдайда зерттеушілер науқастарға өз қиындықтарын сипаттау үшін 29 секундтың қажет екенін анықтады.
http://stan.kz