Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Acer Қытайдан кетпек

Acer Қытайдан кетпек

Acer компаниясы Қытайдан өз зауыттарын әкету стратегиясын қарастыруда. Компания АҚШ-Қытай сауда соғысынан зардап шекпеу үшін аталмыш қадамға баруды ойластыруда. Мамыр айында Вашингтон Қытай тауарларына салынатын салықты 25 пайызға арттырған еді. Ендігі таңда ол салық ішіне ноутбуктер енуі де мүмкін. Acer компаниясының негізгі серіктестері Wistron, Compal Electronics және Quanta Computer ноутбук өндіруші компаниялар болып табылады. Және олардың басым бөлігі Қытай нарығында орналасқан. Acerдің бас директоры Джейсон Чен сауда соғысы күшейген сәтке бірнеше стратегия ойластырып қойғанын айтады. Қазіргі таңда компания Қытайдан кетудің тиімді жолдарын қарастырып жатқанын тілге тиек етті. Acerдің негізін қалаушы Стэн Ши  Тайваньның көптеген компаниялары жұмыс күшінің жетпеуіне байланысты Қытайда орналасқанын айтып, бүгінде автоматтандыру қарқынына байланысты оларды Тайваньға қайта орналастыру мүмкіндігі туындағанын мәлімдеді.
https://arhar.kz
03 маусым 2019 ж. 657 0