Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолбарысты жуындырмақ болған зообақ жұмысшысы қолынан айырылды

Жолбарысты жуындырмақ болған зообақ жұмысшысы қолынан айырылды

 Вьетнамдағы Биньзыонг елді мекенінде жеке зообақ жұмысшысы жолбарысты жуындырамын деп қолынан айырылды.

Жараланып қалған 49 жастағы Во Тан Тхуаны әріптестері 4 маусым күні тауып алған. Ер адамның оң жақ қолы әбден шайналған, ал сол жақ қолы шынтақтан төмен болмаған. Кейін жұмысшының жолбарысты жуындырмақ болғаны белгілі болды. 
Әбден қансыраған ер адамды емханаға жеткізген, кейін Хошиминдегі медициналық мекемеге апарған.
Зерттеушілер Вьетнамның табиғатында жабайы жолбарыстар қалмағанын айтады. Аңдардың барлығын фермаға ұстап әкететін көрінеді. Олардың дене мүшелерін дәстүрлі медицинада және әшекейлер жасау үшін пайдаланады екен.

https://baq.kz

 

06 маусым 2019 ж. 690 0