Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Айт намазын оқымақ болған: Жанкүйерлері футболшы Мұхаммед Салахты мешітке жібермей қойды

Айт намазын оқымақ болған: Жанкүйерлері футболшы Мұхаммед Салахты мешітке жібермей қойды

Мысырдың танымал футболшысы Мұхаммед Салах журналистер мен жанкүйерлеріне шағымданды. Спортшы олар үшін Айт намазын оқи алмай қалған.

 Оқиға Салах Чемпиондар лигасының финалындағы «Ливерпульдің» жеңісінен кейін Мысырдағы үйіне қайтып келгеннен кейін орын алған. Оның Нагриг аулындағы үйінің маңына жиналған журналистер мен жанкүйерлер футболшының сыртқа шығуын сұрап, айқайлапты. Салдарынан Мұхаммед Салах Айт намазын оқу үшін мешітке бара алмаған,  
Болған оқиғаға қатысты пікір білдірген Салах ренішін жеткізді. 
«Кей журналистер мен қарапайым адамдар кісі үйінен шығып, Айт намазын оқи алмайтындай жағдайға жеткізді. Мұның махаббатқа қатысы жоқ. Бұл «адамның жеке өмірін құрметтемеу және кәсібиліктің жоқтығы» деп аталады», - деп жазды Салах Twitter желісінде.

http://stan.kz 

06 маусым 2019 ж. 823 0