Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Билл Гейтс демалыс күндерін қалай өткізеді?

Билл Гейтс демалыс күндерін қалай өткізеді?

Әлемдегі ең бай 300 адаммен сұхбаттасқан Бенджамин Сполл «My Morning Routine» кітабын жарыққа шығарды. Ол өзінің туындысын жазу үшін 5 жыл бойы жетістік жолын тапқан жандардың әдеттері жайлы ақпарат жинаған. Автор осы кітаптың бір бөлімінде көпшілікті мойындата білген жандардың демалыс күндерін қалай өткізетінін жазған. Назарларыңызға осы бөлімде жазылған ақпаратты Билл Гейтс мысалында ұсынамыз. 1) Ұйқыны қандырады Статистикаға сүйенсек, жетістікке жеткен жандар бір тәулікте, орташа есеппен 7 сағат, 29 минут ұйықтайды. Тим Кук, Билл Гейтс, Джек Дорси, Джефф Безос сияқты танымал тұлғалардың ұйықтау уақыты осы көрсеткішпен дәл келеді екен. Әлбетте, күнделікті бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояну мүмкін емес. Адам болғаннан кейін, жоспардан тыс шаруалардың шығып қалуы – заңдылық. Сондықтан, ұйқыға бір күні кеш, бір күні ерте жатамыз. Жетістікке жеткен жандар, жұмыс күндері нормадан аз ұйықтаса, демалыс күні сол ұйқының орнын толтырады екен. 2) Жақын адамдармен уақыт өткізеді Дүйсенбі-жұма аралығында жұмыстан босай алмайтындықтан, жақындарымызға көңіл бөле алмайтын кездер болады. Жетістікке жеткен жандар сенбі-жексенбі күндерін туған-туыстарының, жақын достарының арасында өткізеді. Таңғы жаттығуды жан-жарымен бірге жасап, балаларымен кішігірім паркте немесе табиғат аясында уақыт өткізеді. "Демалыс күні біздің үйімізге бала күтушіміз келеді. Ал әйелім Тифф екеуіміз сенбі күні таңертең жаттығу жасауға шығамыз. Демалыс күндерін бірге өткіземіз: балалармен ойнаймыз, барлығымыз бірге кешкі ас ішеміз. Біз дұрыс өмір сүргіміз келеді". Марк Кьюбан, америкалық миллиардер. 3) Алдағы аптаға жоспар құрады Жетістікке жеткен жандар келесі аптаның жоспарын демалыс күндері құрып қояды. Осылайша, олар дүйсенбіні ауырлатпайды және аптаның алғашқы жұмыс күнінің жартысын текке жоғалтпайды. "Мен сенбі күні серуендеуге тырысамын. Ал жексенбіде келесі аптаға стратегия құрамын". Брук Поттер, «Өнімді жұмыс істеу: жетістікке жеткен жандардың құпиясын ашамыз» кітабының авторы. 4) Жаны қалаған шаруамен айналысады Жетістікке жеткен жандар жаңа жұмыс аптасында құлшыныспен жұмыс жасау үшін демалыс күндері сүйікті шаруасымен айналысады. Көбісі, асықпай-аптықпай таңғы ас ішіп, жұмсақ диванда жатып кітап оқумен, медитациямен, спортпен айналысады екен. Мысалы, Ричард Брэнсон әр сенбі сайын сауық кештерге баруды әдетке айналдырған. Ал жексенбі күні қайықпен серуендеп, жартастардан секіреді екен. Билл Гейтс демалыс күндерін, барынша тыныш жерде өткізуге тырысады. Ағылшындардың бридж карта ойынын ойнағанды ұнатады. «Бридж – ескі ойын түрі болса да, маған қатты ұнайды. Демалыс күні мен қызымның атқа мініп жүргенін қызықтап отырамын. Бұл да іш пыстырарлық әрекет болуы мүмкін, бірақ білмеймін, маған ұнайды. Тағы, кешкісін ыдыс жуамын. Көп адамға ыдыс жуу ұнай бермейді, бірақ маған, керісінше қатты ұнайды". Билл Гейтс, америкалық кәсіпкер, миллиардер, қоғам қайраткері. 5) Үйдің шаруаларын жасайды Қарапайым адамдар сияқты олар да демалыс күндерінде азық-түлік алып, кір жуып, үйдің жұмыстарын жасайды. Осындай қарапайым әрекеттерден алыстамау арқылы, олар қарапайымдылықтарын жоғалтпауға тырысады. 6) Ойланады Айналада орын алып жатқан оқиғаларды қорыту үшін, жетістікке жеткен жандар қысқа уақытқа оңаша қалады. Бұл дұрыс жол таба біліп, дұрыс таңдау жасауға пайдасын тигізеді. Гарвард университетінде студенттер арасында зерттеу жүргізіліпті. Нәтижесінде, әр күнді қорытындылап, ұйықтар алдында 15 минут ойланатын студенттердің оқу үлгерімдері, керісінше бұл әрекетті істемейтін туденттерге қарағанда жоғары екені анықталыпты. Бұл әдісті жетістікке жеткен тұлғалардың барлығы қолданады.
https://massaget.kz
11 маусым 2019 ж. 817 0