Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіршілік тоқтап қалғандай: Үндістанның тоғыз миллион тұрғыны бар қаласында су таусылып қалды

Тіршілік тоқтап қалғандай: Үндістанның тоғыз миллион тұрғыны бар қаласында су таусылып қалды

Үндістанда тоғыз миллион тұрғыны бар Ченная атты қалада бірнеше апта бойы су жоқ. Болиивуд елінде көлемі бойынша алтыншы орынды иеленген қалада тіршілік тоқтап қалғандай,

Мемлекеттік қызметкерлер сумен қалыпты жабдықтауды 40 пайызға қысқартқан. Қаладағы барлық желдеткіштер өшірулі. Дәрігерлер ауруханаға келген адамдардың барлығына көмек көрсетіп үлгермей жатыр. Көптеген компаниялар қызметкерлерінен үйден жұмыс істеуді сұрады. 
Жергілікті компанияның басшысы Винот Калигай қызметкерлердің үйден жұмыс істеп жатқанын растады. Бірақ мұның өзі жағдайды жақсартуға не өзгертуге ешқандай үлес қоспады. 
"Су үйде де бітеді ғой. Енді не істейміз?"— дейді ол. 
Ченная тұрғындары күн сайын бірнеше сағат бойы ми қайнайтын ыстықта цистернаның жанында тұрып суды күтеді. Суды оларға мемлекет штаттың әртүрлі өңірлерінен жібереді.
10 маусымда ел астанасы Нью-Делиде ауа-райы жаңа рекорд орнатты. Көлеңкеде температура Цельсий бойынша 48 градусты құрады. Осыған дейін Чуруде термометр 50 градустан жоғары көтерілді. 
Жағдайы келетін қала тұрғындары суды жекеменшік сатушылардан сатып алуда. Ал далада тұратын миллионға жуық адамның оған шамасы жетпейді. Жергілікті тұрғынның Си-эн-энге айтуы бойынша, бір отбасы бір күннің ішінде отыз-қырық литр суға қанағаттануға мәжбүр болады екен. Америкалық отбасының бір күннің ішінде жұмсайтын суының мөлшері бұдан отыз, қырық литрға артық. 
Қалада қысым сезіледі. Үйіне су апара жатқан адамға, цистерна тасыған көілктерге шабуыл жасап жатқан қала тұрғындары бар. 
Қала билігі су көздеріне ұқсас жерлерді іздеп, жер асты шахталардан тіршілік көзін табуға тырысты. Алайда аптап ыстықтың кесірінен жер асты суының деңгейі төмендеп кеткен. 
Мемлекет қазір жаңбыр жаууын күтіп отыр. Су тапшылығы қауіпі әлемдегі өзге де ірі мегаполистерге: Мәскеу, Пекин, Ыстамбұл, Лондон мен Токиоға төніп тұр. Былтыр әлемдегі ең ірі мегаполис Кейптаунда су қоры таусылып қалған еді.
22 маусым 2019 ж. 483 0