Арнайы сұхбат: Қазақстаннан әкетілген Иордания азаматтары Теңіздегі оқиға туралы айтты
Иорданиялықтардың бірінің сөзінше, тәртіпсіздіктер сенбі күні таңертең басталған.«Қазақстандық жұмысшылар бізді ұрып-соға бастағанда, біз кетіп қалуға тырысып, автобустар шақырып, 3 автобусқа отырдық», - дейді ол.
Ер адамдардың қақтығыстың себебіне қатысты пікірі әртүрлі. Инженерлердің бірінің пікірінше, қақтығысқа «Арабтар қазақ қыздарына не істеп жатқанынан қараңыздаршы» деп жазылған фотосурет себеп болған.
Сұхбатқа қатысушылардың екіншісі қазақстандықтардың неліктен шабуылдағанын түсінбейтінін айтты.
«Желіде тараған ливандық ер адам мен қазақ қызының суреті оқиғаның себебі деп саналды. Бұл «жалған нәрсе». Қыз – сол компаниядағы жұмыс бойынша әріптесі», - деп келтіреді оның сөзін Roya News басылымы.
Сұхбат барысында олар кемсітушілік болмағанын айтты. Иорданиялықтардың сөзінше, «директорлар мен қызметкерлердің барлығы бір асханада ас-су ішіп, бірдей жағдайда өмір сүрген».
Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 29 маусымы күні сағат 11:00 шамасында «Тенгизшевройл» вахталық шағын ауданында Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР) компаниясының қызметкерлері жұмыс учаскесіне шығып, наразылық білдірді. Оқиға орнына тиісті органдар мен әкімдер барды. Кейін көтерілістің жұмыс теңсіздігіне байланысты туындағаны белгілі болды.
Тәртіптісіздіктер кезінде 45 адам зардап шекті. Олардың ішінде 4 қазақстандық бар.
https://stan.kz