Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәтті сусындарды жақсы көретін адамдарда қатерлі ісік жиі дамиды

Тәтті сусындарды жақсы көретін адамдарда қатерлі ісік жиі дамиды

Тәтті сусындарды көп ішетін адамдар онкологиялық аурулары қатты дамитын топқа кіреді. Мұндай шешімге Франция ғалымдары 101 257 адамның денсаулығы жайлы мәліметтерді зерттегеннен кейін келді,

Ғалымдар тәтті суды ішу деңгейін бақылған. Сонымен қатар, мінез бен рактың пайда болуының арасында байланыстың бар не жоғын білу үшін медициналық карталарын зерттеген. Олар зерттеуге қатысқан адамдарды шамамен тоғыз жыл бойы бақылаған. 
Зерттеу нәтижесінде, күнделікті тұтынатын тәтті сусынның әр 100 милилитрі онкологиялық аурулардың пайда болуын 18 пайызға, ал сүт безі қатерлі ісігінің дамуын 22 пайызға арттырады екен. 
Ғалымдар тәтті сусынды ішу мен колоректалды рактың немесе қуықасты безі қатерлі ісігінің пайда болуының арасында байланысты анықтаған жоқ. Олар мұның анықталмауын іріктеменің жетпеуімен байланыстырып отыр. 
Онкология саласындағы мамандар зерттеудің барлық талаптарға сай өткенін мойындады. Бірақ зерттеу авторлары себеп-салдардың байланысын дәлелдей алмаған еді. Мамандар осыны ескерді. Қанттың онкологиялық аурулардың дамуына қалай әсер ететіні түсініксіз, бірақ алынған ақпарат тамақтану рационын қайта қарап, құрамында қанты бар сусындардан бас тартуға түрткі болуы тиіс.
https://stan.kz
15 шілде 2019 ж. 636 0