Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамақ жетпейді: Әлемнің қай жерінде адамдар ең көп аштықтан зардап шегуде

Тамақ жетпейді: Әлемнің қай жерінде адамдар ең көп аштықтан зардап шегуде

Соңғы үш жылда әлемдегі аштық баяу өсіп келеді, бірақ жейтін тамағы жоқ адам саны 10 миллион адамға артты.

Бұл туралы БҰҰ-ның «Азық-түлік қауіпсіздігі және әлемдегі тамақтану жағдайы» атты 2019 жылға арналған есебінде айтылды.
Ең көп аштық экономикалық өсімнің бәсеңдеуі байқалатын елдерде, сондай-ақ шикізаттың халықаралық саудасына қатты тәуелді елдерде пайда болады. Әсіресе, Оңтүстік Азия елдерінің тұрғындары аштықтан зардап шегуде. Бұнда көрсеткіш 500 миллионды көрсетті. Зерттеудің авторлары Африкадағы жағдайды ең қауіпті деп сипаттады, әлемдегі аштықтың ең жоғары деңгейі - 256 миллион адам.
Өткен жылы 820 миллион адамның ішер асы жоғы анықталды.
Аштықпен қатар, семіру мәселесі де серпін беруде. Барлық өңірлерде, әсіресе мектеп жасындағы балаларда артық салмақ санының өсуі байқалады.
«2018 жылы бес жасқа дейінгі балалардың шамамен 40 миллионы немесе 5,9 пайызында артық салмақ болған», - делінген құжатта.
https://stan.kz
16 шілде 2019 ж. 1 717 0