Толқын » Әлем » Гүлнәр Каримованы түрмеден жедел жәрдеммен алып кетті
Гүлнәр Каримованы түрмеден жедел жәрдеммен алып кетті
Өзбекстанның бірінші президентінің қызы Гүлнәр Каримованы түрмеден жедел жәрдеммен алып кетті. Бұл туралы швейцариялық адвокаты хабарлады.
18 шілде күні Грегуар Манжа Каримовамен кездесе алмағанын айтады. Ол түрме қабырғасында онымен кездесу үшін 6 сағат күткен. Ортақ режимдегі әйелдер колониясы Ташкент облысы Зангиотин ауданында орналасқан. Адвокаттың айтуынша, Каримованы мекеме қабырғасынан жедел жәрдеммен шығарған. "Сенімді дереккөздің мәліметінше, Каримова екі жедел жәрдем көлігінің бірінде болды. Мен көшеде тұрдым. Ол менің келгенімнен бейхабар секілді", - деп жазды адвокаты Twitter парақшасында. Бұған дейін Каримованың қызы анасын денсаулық жағдайына байланысты босатуды сұрап, ел президентіне хат жазған еді.