Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мен өзгердім": Жазасын өтеп жатқан Гүлнәр Каримова Өзбекстан халқынан кешірім сұрады

"Мен өзгердім": Жазасын өтеп жатқан Гүлнәр Каримова Өзбекстан халқынан кешірім сұрады

Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнәр Каримова қамауға алынғалы бері алғаш рет ресми түрде мәлімдеме жасады.

"Өзім алып жүрген есім мен тегім үшін жауапкершілікті сезіне отырып, өз әрекетімнің салмағын сараптайтын уақытым болды. Мен өзіме жоғары талап қоюым керек болғанын түсіндім. Уақыт өте келе, осындай жағдайлар басымнан өткен соң мен өзімнің бұрынғы әрекеттерім мен шешімімді талқылай алатын адам ретінде өзгердім. Халық алдында кешірім сұраймын. Мені құрметтейтін, менің жағдайымды түсінетін адамдардың көңілінен шыға алмаған болсам, кешірім сұраймын", - деді Каримова хатта.
Каримова қаражатының елдің дамуына жұмсалуы үшін  мемлекетпен әріптестікке барғанын айтты.
"Прокуратура мемлекеттен экспроприацияланған қаражатты санау мүмкін емес екенін айтқанымен, мен протокол үшін мынаны мәлімдегім келеді. Өзбекстан аумағындағы жеке активтерім менің меншігімнен шығып, мемлекет бюджеті үшін жұмсалуда. Бірнеше жергілікті тергеу барысында соманың 1,2 миллиард доллар екені айтылды", - деді Гүлнәр Каримова. 
Өзбекстанның бірінші президентінің қызы "швейцариялық активтер" мәселесін де түсіндіріп өтті. Айтуынша, қаражаттың Өзбекстанға қайтарылуы оның өзінен ғана емес, бірнеше үміткер елдерге де байланысты болып тұр. 
Каримованың өзі мен қорғаушы тарап 131 және 155 миллион доллар сомасын талап ету туралы құжаттар жасады. 
Каримова қазіргі президентке өтініш айтуына денсаулығының сыр бергені себеп болғанын айтты. Ол екі ота жасатуға мәжбүр екенін жеткізді. 
"Мені қазіргі қоғам түсініп, менің елдің дұшпаны емес екенімді қолдайды деп сенемін. Менің балаларым осы жылдар ішінде анасымен бірге болуға еңбегі сіңді. Әсіресе, тіпті "мемлекеттің өзгеруі" және "мемлекетке қарсы лаңкестік шабуыл" баптары бойынша сотталған әйелдер үшін жазаны либерализациялау аясында. Мен балаларымның жалғыз асыраушысымын. Ал, қызымның туғаннан жүрегінде ақауы бар", - делінген хатта. 
Каримова президент Шавкат Мирзиеевке өтініш айтып, көмек сұрайды. 
"Шавкат Мирзиеевты әкемнің саяси ізбасары әрі шәкірті ретінде білетіндіктен және мемлекет қайраткері, менімен ұзақ жылдар жұмыс істеген адам ретінде оның қайырымдылығынан үміт етіп, жақын арада емделуіме, балаларыммен бірге болуға мүмкіндік туады деп сенгім келеді. Егер менің қолымнан келсе, әкемнің өмірі байланысқан және мен шексіз жақсы көретін елім үшін қызмет етуге дайынмын", - делінген мәтінде.
Әзірге хаттың иесі нақтыланған жоқ және ресми жауап берілген жоқ. Алайда жақында Гүлнәр Каримова жазасын өтеп жатқан түрмеге адвокаты келген еді. 
Гүлнәр Каримова жалпыға ортақ мекемеге биылғы жылдың наурыз айында ауыстырылды.
24 маусым 2019 ж. 597 0