Өзбекстанда 50 градус ыстықта фермерлерді автобусқа қамап қойған (видео)
Өзбекстанда 10-нан астам фермерлер мен суарушыларды жазалау мақсатында 50 градус ыстықта автобусқа қамаған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның мәліметінше, мұндай жазаны Қашкадария облысы Касби ауданының полиция басшысы Чори Кучаров қолданған.
Басылымның жазуынша, бұған ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мақтаны суару кезінде суды тиісті мөлшерден артық пайдалануы себеп болыпты.
Жағдай 14 шілде күні семинар кезінде болған. Автобус "Манзура Хамраева" шаруашылық аумағында тұрды.
Қамалғандардың бірінің айтуынша, ол ауасы жоқ жерде кісендеулі отырған. Тағы біреуі бұл уақытта ауа райы 50 градус ыстық болғанын айтты.
"Мені бас суғарушымен бірге полиция қызметкерлері қызып тұрған автобустың ішіне жауып тастады. Олар, тіпті, бізді тыңдамады, бірден қолымызға кісен салып, салонға кіргізді", - деді ер адамОның айтуынша, олардан кейін автобусқа семинарға келмеген 9 шаруашылық басшысы келіп қосылған. Ішінде тыныс алу мүмкін емес еді. Мұндай жағдайда айыпталушылар екі сағатқа жуық отырған.
kaz.nur.kz