"Қыстың келіп-кеткенін байқамаймыз": Грузия елі несімен ерекше
Әлемде бір елден екінші елге сапар шегіп жүретін 900 млн турист болса, оның ішінде аз да болса қазақстандықтар баршылық. Отандастарымыз жиі демалатын елдердің ішінде Грузия алдыңғы орындардың бірінде тұр. Жыл сайын бұл елде 10 мыңға жуық қазақстандық демалады. Ал Қара теңіздің жағасында орналасқан Батуми туристерді несімен өзіне тартатынын өз көзімен көріп, біліп келді.
Грузия – күйбең тіршіліктен бір уақыт демалып, нағыз рахатқа бөленетін өлке. Әсіресе, Батумиде теңіз суына түсіп, бағдаршамсыз қаланың табиғатына тәнті боласыз. Бір елге көркіне тамсануға, енді біріне жанға сая табуға, үшіншісіне қонақжайлылық үшін барып жатамыз. Ал Грузияда мұның барлығы дерлік бар.
Таңертең тұра салысымен ішімдікпен үш қайнатса да, сорпасы қосылмайтын мацонидің дәмін татып көруіңізге болады. Өйткені қалған уақытта оны ішімдікпен бірге жей алмайсыз. Ал Грузияның түрлі-түсті шарабын ішпеу мүмкін емес. Керісінше таңертеңмен хачапури жеуге асықпаңыз. Себебі ол кез келген жерден табылады. Оны дәмтатым, нан және негізгі тағам ретінде де тұтынсаңыз болады. Сондай-ақ, Грузиядағы мен Қазақстандағы хачапуридің дәмі мүлдем бөлек.
Аджария – Грузияның оңтүстік батысында орналасқан автономиялы республика. Астанасы – Батуми. Қазіргі уақытта Аджариядағы шипажай маусымы – жаз. Аймақ билігі туризм саласын тек жазға емес күз, қыс, көктемге де бейімдеп жатыр. Аджария курорт және туризм департаменті қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы аймақтың туристерді төрт маусымда да қабылдауға қауқарлы екенін айтады. Себебі Грузияның туризм саласындағы бұл аймақтың үлесі 70%-ті құрайды. Өйткені мұнда зауыт та, фабрика да жоқ, тек туристік қызмет ұсынады.
Грузияға негізінен шекаралас елдерден, әсіресе Әзербайжан, Түркиядан, Ресейден, Украинадан туристер көптеп келеді. Әзірге 40-қа жуық елден туристерді қабылдаймыз. Қазақстаннан да келетін туристер саны ұлғаюы үшін департамент күні-түні жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда департамент Аджарияға нақты туристер келетін 16 елмен тығыз жұмыс істеп жатыр.
2015 жылы 4200, 2016 жылы 10 708, 2017 жылы 10 229 қазасқтандық Батумиде қонақ болған. Ал 2018 жылы қаңтардан сәуірге дейін 999 қазақстандық келген. Маман динамикаға қарап жыл сайын Қазақстаннан келетін туристер саны артып келе жатқанын айтады.
Аджарияның ерекшелігі тау мен Қара теңіздің ортасында орналасқан. Тау мен теңіздің арасы шамамен 2 сағат. Батумиге жақын жерде Годердзи тау шаңғы курорты бар. Қыста келгенде немен шұғылдануға болатынын сол жердегілер айтып берді.
«Аджария өте ықшамды, тауға жап-жақынбыз. Аймақ теңіз деңгейінен 3500 метр биікте орналасқан. Әлемдік класстағы 5-6 қонақ үй салынып жатыр. Бірнеше жыл Годердзи курортын жарнамалап келеміз. Ол жерде бәрі бар. Бір ғана маусымға қарап қалуға болмайды, жыл бойынғы туризмді дамытуымыз керек. Сіздерде өте суық кезде бізге келсеңіздер болады. Теңізге түспесеңіздер де жұқа күртешемен немесе пиджакпен жүре аласыздар.
Қыстың келіп-кеткенін байқамаймыз. Табиғатта жапырақтардың сарғайып, жерге түсуімен қыс келсе субтропикалық климат болған соң бізде ондай жоқ. Қыста тұрсаң да суықты сезбейсің. Мұнда әр адам қыста жаны қалайтын іспен шұғылданады. Мысалы, гастрономия, шарап тарихы мен мәдениеті, шұғылданамын десеңіз іс көп. Кез келген маусымда Аджарияға келіп уақытты бос өткіземін деу мүмкін емес», - деді департамент өкілі.
Грузин асханасы өте бай. Бірінші күннен-ақ бір адам тауыса алмайтын хачапуриді алдымызға қойып, қалай жеуді үйретті. Батумиден кеткенімізше хачапуридің бір емес, бірнеше түрінің дәмін таттық. Мчади деген жүгеріден жасалған нанын ұсынды. Кәуап пен кебабтың түр-түрі бар. Бір қызығы қазақта да дастарханды сыйласа, грузиндерде де сол дәстүр жақсы сақталған. Грузиндердің дастарханы «супра» деп аталады.
Супрада ұлттық тағамдары мен шараптарының қаншама түрі қойылады. Келген қонаққа ұлттық билерін көрсетіп, хормен дәстүрлі әндерін айтып береді. Супра кезінде асаба сайланып, сол шараны соңына дейін жүргізеді. Өз көзімізбен көрген мұндай грузин дастарханы ЮНЕСКО-ның материалды емес мәдени құндылығы ретінде қорғалатынын білдік.
Сондай-ақ, Грузия жүзімнің сабағы алғаш өскен жер және жүзім шаруашылығының мәдени отаны болып саналады. Грузия жерінен б.з.д. ІХ – Х ғасырларға жататын металл мен саздан жасалған шарап ыдыстары мен тас сыққыштар табылған.
Грузия қымбат ел емес. Бір литр суды мұнда 1 лариге алуға болады. Егер түстенгіңіз келсе, бір адам орта есеппен 20 лариге шараппен қоса толықтай тамақтана алады. Өкілдің айтуынша, мейрамхана иесі келген адамның қонақ екенін көрсе екі литр шарапты тегін қалдырып кетеді. Яғни Грузияға келген турист қанша ақша жұмсаса, жергілікті халық қонағы үшін одан он есе артық жұмсайды.
Өңірдегі жеке бизнесті дамыту мақсатында департамент көптеген тренинг өткізіп, адамдарды қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге дайындайды. Мұның бәрі тегін. Мысалы мейрамхана менеджері, даяшы секілді мамандар оқытылады.
Тіпті осыған дейін шетелдіктерге жақсы қызмет көрсету үшін Аджарияда жергілікті халыққа ағылшын тілін үйрету жобасы қолға алынған.
Грузияда туризм саласын дамыту соңғы он жыл көлемінде ерекше қолға алынды. Қазір жылына Грузияға 8 млн турист келеді. Он жыл бұрын бұл көрсеткіш 1 миллионға да жетпеген. Сол себепті департамент өкілі бір орында тоқтап қалмай алға жылжи беретінін айтты.
Аз ғана жылдың ішінде туризмін осылай дамытып отырған Грузия біз үшін үлгі болуға тұрарлық ел екені анық. Қонақжай көңілі де біздің менталитетімізге ұсқас. Екі арадағы тікелей әуе рейстері көптеп ашылса, қос елдің азаматтары бір-біріне жиі қонаққа баратыны сөзсіз.
Нұр-Сұлтаннан Батумиге Scat, ал Алматыдан Тбилисиге Air Astana әуе компаниясы жолаушыларды тасымалдайды. Дәл қазір рейстерге билеттер көзді ашып-жұмғанша сатылып кетіп жатыр. Сол себепті қонақ үй, билет сатып алу мәселесін ертерек шешіп алған артық болмайды. Бұл сұрақтарды сіздерге шешуге Kompas Tour агенттігі көмектеседі. Ол үшін фейсбук желісінен Наталья Загородская есімді компания өкілін тауып алуыңызға болады. Олар 2019 жылдың өзінде 1 670 туристің Грузияда саяхаттауына көмектескен. Сондай-ақ, Грузия туризм министрлігінің өкілдері Мака Макатсария мен Александр Гвелисианидің де көмегі мол.