Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем мемлекеттерінің экономикалық жағдайы: Қазақстан 84-орында

Әлем мемлекеттерінің экономикалық жағдайы: Қазақстан 84-орында

Гронинген университетінің азаматтық және көші-қон құқықтары жөніндегі сарапшысы Димитри Коченов пен Henley & Partners консалтингтік фирмасының төрағасы Кристиан Калин тағы да әлем елдерінің рейтингін жариялады деп хабарлайды massaget.kz.
Ұлттық экономика рейтингісінде ел экономикасының мөлшері, адамның даму деңгейі, елдегі қоғамдық тәртіп пен тұрақтылық, елге қанша азамат визасыз кіре алатыны, қанша азамат еркін өмір сүріп, жұмыс істей алатыны сияқты факторлар ескерілген.
Сарапшылар Францияны рейтингтің көшбасшысы деп атады. Бұл елдегі азаматтық жағдай деңгейі 83,5 пайыз деп бағаланды. Одан кейінгі орындарда Германия мен Нидерланды (82,8 пайыз). Сонымен қатар, Дания (81,7 пайыз), Норвегия және Швеция (81,5 пайыз), Исландия (81,4 пайыз), Финляндия (81,2 пайыз), Италия (80,7 пайыз), Ұлыбритания (80, 3 пайыз), Ирландия (80,2 пайыз) және Испания (80 пайыз).
Қазақстан 35,7 пайызбен тізімде 84-орында. Айналамыздағы көршілеріміз Өзбекстан 109-орын (29,3 пайыз), Қырғызстан 102-орында (30,6%), Тәжікстан 114-ші орында (27,9 пайыз) және Түрікменстан  122-ші орында (26,7 пайыз).
Өмір сүру сапасы ең төмен елдер қатарында: Сомали (13,8 пайыз, 159-шы орын), Ауғанстан (15,4 пайыз, 158-ші орын) және Оңтүстік Судан (15,9 пайыз, 157-ші орын) аталған.

22 қараша 2019 ж. 912 0