Бағдарлама арқылы бизнес-идеясы жүзеге асты

Мемлекеттік грантты иеленіп, көп жылдардан бері ойында жүрген өзінің жаңа бизнес-идеясын іске асырып, көлік дөңгелегін жөндеу орнын ашып отырған Руслан Ібадатов:
– Талаптанып, қолынан келер іспен шұғылданғысы келетін адамға бүгінде Үкімет тарапынан қолдау көп. Оны өз ісімнің нәтижесінен көріп отырмын. Кішкене кезімнен машинаға қызығатын едім. Өз көлігімді өзім жөндей беретінмін. Қазір көліктен көп нәрсе жоқ. Техника болған соң бұзылмай тұрмайды. Содан көліктердің дөңгелектерін жөндейтін орын ашсам деген ой келді. Халық үшін бұл қызмет түрі бірден-бір қажет деп есептеймін. Алдағы уақытта қызмет көрсету аясын кеңейтуді мақсат етудемін, – дейді.
Жас кәсіпкер арнайы орында автокөлік дөңгелегіне түрлі қызметтер көрсетуде. Дөңгелекті ашып жабу, босатып алу секілді жұмыстардан бастап, дөңгелек камераларын желімдеу, қысымын өлшеу қызметі де бар.
«Еңбек» бағдарламасының демеуімен қолдан келетін кәсібінен береке тауып отырған Руслан Аралбекұлының бұл ісі жастарға үлгі.
Ерболат Айдар,
Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы