Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 7,3%-ті құрады

Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 7,3%-ті құрады

Елде жылдық инфляция деңгейі өсіп барады.
Қараша айының қорытындысы бойынша 7,3 процент болды.
Жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2,8 процентке кеміген. Экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, өткен айда экономикалық көрсеткіштер қазанмен салыстырғанда жақсарды. Әсіресе құрылыс саласы мен өңдеу өнеркәсібінде өсім бар. Алғашқысында көрсеткіш 12 процент, соңғысының 3,3 процент өскені байқалды. Қызмет көрсету саласында да іскерлік белсенділік артқан. Бірақ әлі оң нәтиже байқалмайды. Үкімет басшысы тұрақтандыру қорлары арқылы азық-түлік бағасын өсірмеу, қаражатты барынша тиімді игеру арқылы өсім қарқынын ұлғайтуды тапсырды.
Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:
– Ел экономикасы өсімінің серпіні байқалып отыр. Өңдеуші өнеркәсіп 3,3 процентке өсті. Оның ішінде тамақ өндірісінде – 3,6, фармацевтикада 39,5 процент. Дайын металл бұйымдарының өндірісінде – 19,6, машина жасауда – 16,4. Оның ішінде автомобиль жасауда 2,6 процентке және де қағаз өнімдерін 14,6 процентке және жеңіл өнеркәсіпте 15,5 процентке өсу қамтамасыз етілген. Құрылыс көлемі 12,1 процентке, ауыл шаруашылығында 5,3 процент орнықты өсім қамтамасыз етілді. Тау-кен секторының маңызды бағыттары бойынша оң серпін сақталып отыр. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары өздері жетекшілік ететін экономика салаларында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жұмысын жалғастыруы қажет.
10 желтоқсан 2020 ж. 594 0