Доллар қайта арзандады

Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,55 теңгеге төмендеп, 425,87 теңгені құрады.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 425,24 теңге, ал сатылымы - 426,75 теңге. Нұр-Сұлтанның валюта алмастырғыштарында долларды орта есеппен 425,23 теңгеден сатып алып, 426,35 теңгеден сатады.
Ұлттық Банктің 10 тамыздағы ресми доллар бағамы 426,38 теңгені құрайды.