Қызылордада елді мекеннің 85 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов мәлімдеді.
-2021-2025 жылдар аралығында облыстағы орталықтандырылмаған 17 ауылды сумен жабдықталуын қамтамасыз ету үшін топтық су құбырларына қосу, су жүйесін жүргізу жұмыстары қолға алынбақ. Сонымен қатар, Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет және Аққұм елді мекендерін сумен қамтамасыз ету жоспарланды. Арал және Қазалы аудандарындағы 65 елді мекенді ауыз сумен қамтитын стратегиялық маңызы бар Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының екінші желісін салу жобасы әзірленуде. Сондай-ақ, Тақыркөл бас су тоғанынан Жаңақорған кентіне дейін магистральдық су құбырының екінші желісінің құрылысы басталады. Тағы бір айта кететін жайт, алдағы уақытта ауыз су бағасы өспейді,- деді Ерлан Ералыұлы.
kyzylorda-news.kz