Тәуелсіздіктің 30 жылы: Қызылорда облысында 195 елдімекен таза ауыз сумен қамтылған Барлық құқықтар қорғалған
Еліміздің тәуелсіздік жылдарында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ауқымды жұмыс атқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Электр желілері жаңғыртылды Сала мамандарының айтуынша, 1990-2012 жылдар аралығында өңірде 267,3 шақырым электр желісі тартылды. Ал 2013 жылы Қызылорда қаласындағы қуаттылығы 35 киловольттық 3 қосалқы станцияға қайта жаңғырту жүргізілді. 2015-2017 жылы Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округінің орталығы Ж. Махамбетов ауылын электр желісімен қамтамасыз ету жобасы жүзеге асты. 2017-2018 жылдар аралығында Сырдария ауданы Бесарық және Ақжарма елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесі қайта жаңғыртылды. 2019-2020 жылдар аралығында «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалау бөлігін электрмен жабдықтау мақсатында заманауи жабық қосалқы станция салынды. Сондай-ақ, өңірде жаңартылған энергия көздері бойынша жаңашыл жобалар жүзеге асты. Атап айтқанда, бүгінде облыста жалпы қуаттылығы 88 мегаватты құрайтын 3 күн электр станциялары тұрақты жұмыс жасауда. Бұл орындар Шиелі, Жалағаш, Жаңақорған аудандарында орналасқан. Қазіргі уақытта осы күн электр станцияларымен өндірілген электр-энергия бірыңғай энергетикалық жүйеге тұрақты берілуде. ҚР Энергетика министрлігімен өткізілген өткен жылғы аукциондық сауда-сатылымның қорытындысымен жеңімпаз болып анықталған «Хевел» компаниясы 2022 жылы Арал ауданында қуаттылығы 20 мегаватты құрайтын күн электр станциясын салуды көздеп отыр.
Таза ауыз судың игілігі
Сыр өңірінде сумен жабдықтау және су бұру жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар аз емес. 2002-2010 жылдары аралығында облыста «Ауыз су» бюджеттік бағдарламасы бойынша 26,7 млрд. теңге қаржыға сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту, топтық су құбыры желілерінің құрылысын салу және күрделі жөндеу бойынша 240 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 1000 шақырым астам су құбыры желісі жаңартылды. 2011-2020 жылдары аралығында «Ақ бұлақ», «Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі», «Нұрлы жол» бюджеттік бағдарламалары бойынша барлық қаржыландыру көзі есебінен жалпы сомасы 56,6 млрд. теңгені құрайтын 164 жоба іске асырылды. Сол арқылы 2500 шақырым астам су құбыры және кәріз желілері жаңартылып салынды. Қазіргі таңда қала тұрғындары орталықтандырылған су жүйесіне толықтай қосылған. Облыс бойынша барлық 230 ауылдық елді мекеннің 195-і (85 пайыз), халық санымен алғанда 97,4 пайызы (449,6 мың адамның 438 мыңы) орталықтандырылған ауыз су жүйесінің игілігін көріп отыр.
Көсегені көгерткен «көгілдір отын»

Қызылорда облысында тұрғындар 2004 жылға дейін сұйытылған мұнай газды күнделікті ас дайындауға, қатты отынды тұрғын үйді жылыту үшін пайдаланған болатын. 2004-2013 жылдар аралығында «Қызылорда қаласының жылу-қуат көздерін және тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» әлеуметтік жобасы аясында республикалық бюджеттен 12,8 млрд. теңге, «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оған 1 122 шақырым газ құбыры жүргізілді. 2014-2017 жылдар аралығында Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет, Қызылжарма, Талсуат, Белкөл елді мекендерін және индустриалдық аймақты газдандыру жұмыстары республикалық және облыстық бюджет есебінен қаржыландырылды. 2015 жылы Қызылорда облысының әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес барлығы 23 млрд. теңгеге 4 аудан орталығында (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған кентері) және Байқоңыр қаласында автоматтандырылған газ тарату стансалары мен квартал ішілік газ құбырларының құрылысы аяқталды. Нәтижесінде 1295,2 шақырым газ құбырылары жүргізіліп, 25 070 тұрғын табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болды. 2020 жылы Арал ауданындағы Жақсықылыш кенті, Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев ауылы, Сырдария ауданы Тереңөзек кенті, Шиелі ауданындағы Байсын ауылы, Арал ауданы Арал қаласының және Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі газдандырылмаған көшелеріне газ желісін тарту жобалары жүзеге асырылды. 2021 жылға Қармақшы ауданындағы Жосалы кенті, Жалағаш ауданындағы Жалағаш кенті, Қазалы ауданындағы Қазалы қаласы, Шиелі ауданындағы Бекежанов және Қодаманов елді-мекендерін газдандыру жобаларына республикалық және облыстық бюджеттер есебінен қаржы бөлінді. Облыс орталығындағы Наурыз, Махамбет елді мекендерін газдандыру жұмыстары 2021-2022 жылдарға жоспарланған. Биылғы жылы жобаны бастауға республикалық бюджеттен 500 млн. теңге қаралды.