Доллар бағамы 501 теңгеден асты

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге артып,501,64 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметінше, 5 наурыздағы доллардың ресми бағамы - 499,20 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 505,58 теңге, сатылым - 520 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орташа есеппен 515,45 теңгеден сатып алады, 520,47 теңгеден сатады.