Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары қанша жалақы төлейді?

Жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары қанша жалақы төлейді?

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров мәлімдеді.

Ведомство басшысы елорда жастарын жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды.

Осы уақытқа дейін жұмыспен қамту орталығына 2,5 мыңға жуық жас келген болатын. Оның ішінде, 1493 адам жұмысқа тартылды, яғни тұрақты жұмысқа – 626 адам, жастар практикасы бойынша – 210, әлеуметтік жұмыс орындарына – 30-дан астам, қоғамдық жұмыстарға – 600-ден астам жас орналастырылды. Сондай-ақ бизнес идеяларды жүзеге асыруға гранттар беріледі, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Сонымен қатар ол жастарға арналған бағдарламалардың еңбекақысына тоқталып өтті.

Мысалы, «Жастар практикасымен» жұмысқа тұрса, 107 мың теңге, ал «Қоғамдық жұмыстар» арқылы еңбекке араласса, 102 мың теңге көлемінде жалақы төленеді. Бұл жобалармен жұмысқа орналасу арқылы жастар тәжірибе жинауға және жұмыс берушіге өзін көрсетуге мүмкіндік алады, - деді Қайрат Қамбаров.


17 маусым 2022 ж. 1 497 0