Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада мұнай өнімдері нарығындағы ахуал тұрақты

Қызылордада мұнай өнімдері нарығындағы ахуал тұрақты

Жаз айларында орын алған дизель отынының тапшылығына байланысты ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жедел штаб құрылып, пәрменді шаралар қабылданды.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың төрағалығымен жедел штаб құрылып, оның құрамына экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттері және т.б мүдделі органдардың басшылары енгізілді.

Ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша ҚР Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес облыс аумағында бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Қазіргі таңда облыста 122 жанар-жағармай бекеттері жұмыс жасайды және келесідей мұнай өнімдерінің қорымен қамтамасыз етілген. АИ-92 маркалы бензині – 5 820,6 тонна, бұл 23 күнге дейін жеткілікті. Жазғы және қысқы дизель отыны – 5 438,7 тонна, бұл 22 күнге жеткілікті.

Биылғы жылдың 4 қазан айына дейінгі мониторинг мәліметтеріне сәйкес, облыста АИ-92 маркалы бензинінің орташа бағасы – 179,3 теңге, дизель отынының орташа бағасы – 228,1 теңгені құрап отыр.

Қазіргі уақытта әлеуметтік нысандарға сұйытылған отынды жеткізуші кәсіпкерлердің сұраныстарын бірінші кезекте қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Жалпы облыстағы жанар-жағармай нарығындағы жағдай тұрақты бақылануда.

kyzylorda-news.kz
05 қазан 2022 ж. 1 544 0