Жанар-жағар май өнімдерінің қоры жеткілікті

Қазіргі таңда, облыста 147 жанар-жағар май бекеттері жұмыс жасап, келесідей мұнай өнімдерінің қорымен қамтамасыз етілген.
Атап айтар болсақ, АИ-92 маркалы бензині – 16 күнге (3 949,9 тонна), дизель отыны – 12 күнге (2 989,8 тонна) жеткілікті.
2021 жылдың 10 желтоқсанындағы мониторингке сәйкес, облыста
АИ-92 маркалы бензинінің орташа бағасы – 180,0 теңге, дизель отынының орташа бағасы – 229,9 теңгені құрап отыр.
Өткен аймен салыстырғанда АИ-92 маркалы бензин бағасы – 0,2 теңгеге, дизель отыны – 0,7 теңгеге арзандаған.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасында мемлекеттік мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы Энергетика министрінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы №1 бұйрығына сәйкес жанар жағар майдың бағасына шекті баға енгізілді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі