Балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров хабарлады.
«Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 55 тауарлы су айдыны мен 4 тоған шаруашылығы жұмыс істеуде. Жалпы аталмыш бағдарлама шеңберінде 2030 жылға дейін облыста 16 мың тонна балық өсіру межеленіп отыр. Осыған сәйкес, 15 су айдыны кәсіпшіліктен көл тауарлыға ауыстырылды. Сонымен қатарбалық шабақтарын құтқару және қырылу қауіпін алдын алу бойынша белсенді шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, Сырдария және Жалағаш аудандарында жауапты мамандармен бірлесіп, заңсыз балық аулауға қарсы кезекшілік ұйымдастырылды. Осы жұмыстардың арқасында 8 млн данадан астам балық шабақтары құтқарылды. Одан бөлек, "Таза су айдындары" табиғатты қорғау акциясына 500-ге жуық адам қатысып, су айдындарынан 44 тоннаға жуық әр түрлі қоқыс қалдығы шығарылды. Ал "Уылдырық шашу" балық қорғау акциясы басталғалы 214 балық қорғау заңнамасын бұзу дерегі анықталып, тиісті әкімшілік хаттама толтырылды. Биыл да балық шаруашылығын дамыту бағытындағы нәтижелі жұмыстарды жалғастыратын боламыз», - деді Жанқожа Рамбердіұлы.
kyzylorda-news.kz
Фото: tolqyn.kz