Қызылордада 55 көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы салынбақ

«Балық саласы мемлекет тарапынан субсидияланған. 2020 жылы біз балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасын әзірледік. Оған шамамен алдағы жылдарда кезең-кезеңімен 29 млрд теңге бағытталатын болады. Нәтижесінде тауарлық балық көлемі 110 есеге артып, балық өнімдерінің экспорты қазіргі 4,2 мың тоннадан 8,5 мың тоннаға дейін ұлғаятын болады», – деді аймақ басшысы.
kyzylorda-news.kz