Электр энергияның бағасы қымбаттай ма?

"Қазір тарифтер мәселесін көтеріп жатқан жоқ. Бұған дейін "Тарифті инвестицияға алмастыру" бағдарламасы туралы айтқан болатынмын. Аталған бағдарлама іске қосылған күннің өзінде бір күнде тарифтерге әсер етпейді. Жаңа жылу-жарық электр орталықтарын салу жоспарлануда, олар іске қосылғаннан кейін тарифтерді қайта қарастыруға болады. Бірақ біз бағаны өсіруді жоспарлап жатқан жоқпыз", – деді Болат Ақшолақов эфир барысында.
Айта кетсек, бүгін өткен Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр электр энергиясы тапшылығы мәселесін көтерген еді.