Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін салымшылар мен алушылардың қалауына қарай көрсетеді

БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін салымшылар мен алушылардың қалауына қарай көрсетеді

БЖЗҚ-ның зейнетақы қызметтерін Қор кеңсесіне келіп, enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы немесе eGov. kz электрондық үкімет порталы арқылы кез келген ыңғайлы, түсінікті және қолжетімді форматта алуға болады. Бұл ретте салымшылар мен алушылар көбіне цифрландыруға басымдық береді: Қор қызметтерінің 93% жуығы халыққа онлайн немесе автоматты режимде көрсетіледі. 2022 жылы БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша 30,3 млн операция жүргізді. Оның ішінде 20,9 млн – электронды форматта, 7,1 млн – автоматты режимде іске асырылды. 
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға көбірек жүгінеді. 2022 жылдың 12 айында жеке зейнетақы шоттарынан 26,4 млн-нан астам үзінді көшірме беріліп, 20,8 млн-нан астамы электрондық форматта ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте өз жинақтарыңыз туралы мәліметтерді алудан басқа, олар туралы хабарлау тәсілін таңдауға, жеке деректемелерді өзгертуге, жинақтардың бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аударуға, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге болады.
Қызметтердің бір бөлігі автоматты режимде – салымшылардың БЖЗҚ-ға тікелей жүгінуінсіз көрсетіледі. Осылайша, жарналардың барлық түрлері бойынша зейнетақы шоттары алғашқы жарна түскен кезде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру төлем тапсырмасында көрсетілген салымшының дербес деректері (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Ал азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.  Жыл басынан бері осылайша 586 259 жеке зейнетақы шоттары ашылды.
Бұдан басқа, Қорға уәкілетті операторлардан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдалануға өтініштер автоматты түрде келіп түседі. 2022 жылы БЖЗҚ осындай 1,5 млн-ға жуық өтінішті өңдеді.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару туралы өтінішті enpf.kz. сайтындағы Жеке кабинет арқылы беруге болады. 2022 жылы 2,7 мың өтініш қабылданды.
Бірақ жинақтарды өмірді сақтандыру компаниясына аударуға өтініштер әзірге тек Қордың кеңселерінде ғана қабылданады. 2022 жылы осындай 3,4 мың өтініш қабылданды.
Қашықтан алу мүмкіндігіне қарамастан, салымшылар мен алушылардың жүзбе-жүз  алуды қалайтын қызметтер әлі де бар. Статистикалық деректерді талдай отырып, деректемелерді өзгертуге берілген 420,5 мыңнан астам өтініштің 92% (немесе 385,3 мыңы) Қор  кеңселерінде, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері арқылы немесе БЖЗҚ мобильді топтарының жұмысы барысында қабылданғанын атап өтуге болады. Сондай-ақ, хабарлау тәсілін анықтауға/өзгертуге берілген 297 мың өтініштің 226 мыңға жуығы (76%) күндізгі форматта берілді. БЖЗҚ мамандары бұл қызметтерді алу арқылы отандастарымыздың болашақ зейнетақыны есептеу, зейнетақы капиталын қалыптастыру бойынша ақыл-кеңестер, оны көбейту бойынша дербес ұсынымдар алатынын түсіндіреді.
2022 жылы күндізгі қызмет көрсету барысында барлығы 1,5 млн – ға жуық күндізгі қызмет көрсетіліп, оның 1,3 млн-нан астамы Қор бөлімшелерінде жүзеге асырылды.  Естеріңізге сала кетейік, сізге жақын Қор филиалының мекенжайын enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасы арқылы оңай нақтылауға болады.
БЖЗҚ консультациялық қызметтердің сапасына ерекше көңіл бөледі. Салымшылар мен алушылар өздеріне қажетті ақпаратты әртүрлі арналар, яғни 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) байланыс орталығы, www.enpf.kz корпоративтік сайты, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасы, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан біле алады.Жыл басынан бері Қор мамандары әртүрлі кері байланыс арналары арқылы келіп түскен 817,7 мыңға жуық өтінішті өңдеді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде кәсіпорындар мен ұйымдарда 32,8 мыңға жуық көшпелі таныстырылымдар, шалғайдағы елді мекендерде кездесулер өткізіп, 707 мыңнан астам адам  жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат және жеке кеңестер алды.
23 ақпан 2023 ж. 1 279 0