Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұнай бағасы қымбаттады

Мұнай бағасы қымбаттады

Қазақстан өндірушілері мұнайды өткен жылға қарағанда қымбатырақ сата бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша сәуір айында мұнай 2022 жылғы сәуірге қарағанда 7,6 пайызға қымбаттап, тоннасына 96,1 мың теңгеге жетті.

Еліміздегі ең қымбат баға Атырау облысында. Онда шикізат тоннасы 96,7 мың теңгеге бағаланған. Маңғыстау облысында баға 94,8 мың теңгені құраса, Қызылорда облысында тоннасына 94,4 мың теңге. Ақтөбе облысында тоннасына 93,5 мың теңге. Сонымен қатар өткен айда бір тонна бензин орташа есеппен 142,7 мың теңгені құрап, бір жылда 0,4 пайызға өсті.

Өзгерістер дизель отынына да әсер етті, ол тоннасына 3,4 пайызға, 166,7 мың теңгеге дейін қымбаттады.
10 мамыр 2023 ж. 838 0