Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2,5 пайыздық несие кімдерге беріледі

2,5 пайыздық несие кімдерге беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2,5 пайызбен несие беру тәртібін түсіндірді. Несие 5 жылға 21 мен 35 жас аралығындағы жастарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.

Микрокредит кәсібін кеңейтемін немесе жаңадан кәсіп бастаймын деп ниет білдірген жастарға беріледі.

2,5 пайызбен несие алудың өз тәртібі бар. Маңызды санаттың бірі  қатысушылардың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.

«Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Осы жылдың 4 қыркүйегінен бастап жастарға жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру үшін қабылданатын кепілді мүлік түрлерінің тізбесі кеңейтілген», деп жазды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сонымен, кепілмен қамтамасыз ету ретінде қосымша қабылданады:

- екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда орналастырылған ақша қаражаты;

- республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік;

- жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері;

- жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері;

- бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері;

- мамандандырылған техника.

Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

жеке басын куәландыратын құжат;
жоба бойынша бизнес-жоспар;
шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама;
кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);
қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде;
кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;
кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.
Микрокредиттер төменде көрсетілген тізімдегілерді қоспағанда:

- тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);

- бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);

- қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;

- ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет;

- моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді, сондай-ақ темекі және\немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобалар, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;

- кредиторлық берешекті өтеу;

- бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттардан басқа кез келген мақсатқа беріледі.

Микрокредитті беру-бермеу мәселесін арнайы комиссия шешеді.  Ол үшін үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырып, комиссия алдында қорғау керек.

Болашақ бизнес бастама жоспары өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, қоғамдық маңызы бар, өміршең болуы тиіс жобаның пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.

(Сурет ашық дереккөзден алынды)

Қазіргі уақытта микрокредиттер алуға өтінімдер барлық облыстармен қатар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қабылданып жатыр.
17 желтоқсан 2023 ж. 1 458 0