Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2023 жылы еліміз қандай әлеуметтік жетістіктерге жетті?

2023 жылы еліміз қандай әлеуметтік жетістіктерге жетті?

2023 жылы еліміздің әлеуметтік саласында бірнеше жағымды жаңалық болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Деректер базасының ақпараты бойынша, 14 қарашаның таңғы сағат 8:10-да өмір есігін ашқан 5 нәресте еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Сәбилер Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола, Түркістан облыстарында дүниеге келді.

15 қарашада Ұлттық теңгемізге 30 жыл болды. 1993 жылдың 12 қарашасында Ұлттық валюта жайлы Заң қабылданып, 15 қарашадан бастап сауда-саттық құралы ретінде нарыққа енгені мәлім.

Айта кетсек, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 2024 жылдан бастап балаларға ақша бөліне бастайды. Жобаға 18 жасқа толмаған отандастарымыз қатыса алады. Қатысушылар ақшаны баспана алуға немесе білім алуға жұмсаса болады. Мемлекет шетелде оқуға да рұқсат беріп отыр.

Фото: egemen.kz
30 желтоқсан 2023 ж. 1 122 0